2025 жылғы 12 желтоқсанда М.Ж. Ысқақовтың төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

2025 жылғы 12 желтоқсанда М.Ж. Ысқақовтың төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының  Бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Отырысқа қатысқандар: депутаттар - комиссия мүшелері: Ю.Г. Бацанов, Б.Т., Қожахметов, С.П. Тимофеев, Р.И. Евдаев, Қ.М. Макина - «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, С.В. Мелехов - Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, М.Б. Сандыбеков - Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, О.Л. Абдрахманова - «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ басшысы, Петропавл қаласы әкімдігінің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері.

 

Күн тәртібінде келесі мәселе қарастырылды:

1. Петропавл қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы. Тұрақты депутаттық комиссиялардың ұсыныстарымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарастыру.

Күн тәртібі мәселесі бойынша сөз сөйлегендер:

М.Т. Ерханов - «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы.

А.А. Кенжеболатов - «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы.

А.К. Баксимов - «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысы.

Ә.Е. Наурызбаева - «Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ басшысының м.а.

 

Қарастырылған мәселе бойынша қаулы қабылданды.