
2025 жылғы 21 қарашада сағат 11.00-де Петропавл қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар істері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Л. С. Қайыржанованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері қатысты: Л.Ж. Жалмұқанова, Е.А. Семидоцких, З.Х. Мамлютов, Т.С. Жұманов.
Шақырылғандар: Қ.М. Макина – «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, Д.Б. Рақышева – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ басшысы, А.Е. Мәкенов – «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Д.С. Зейнуллин - «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ «Петропавл қаласының Мансап орталығы» филиалының директоры, Г.П. Семёнова – «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындығы бірлестігінің төрағасы, Б.С. Құсайынов– «KYZYLZHAR BUSES» ЖШС басшысы, А.Ю. Кужилин «Партнер - АВТО» ЖШС басшысының бірінші орынбасары, Б.Қ. Тусупов - «Партнер - АВТО» ЖШС басшысының орынбасары, А.Б. Ғалеева., Г.А. Бисембекова.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды:
1.) Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жанында қоғамдық көлікке арналған аялдамалар туралы.
2) «Жастар практикасы» бағдарламасы: проблемалар және шешу жолдары.
3) Қалада жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды білім беру ұйымдарында және жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту бойынша жүргізілетін жұмыс туралы.
4) Әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.