2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11.00-де Петропавл қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар дел мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Л. С. Қайыржанованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Шақырылғандар: Қ.М. Макина – «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, М.А. Жұмалиев - Петропавл қаласының Полиция басқармасының бастығы, Д.Б. Рақышева – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ басшысы, Д.В. Попова - «Петропавл қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі» КММ басшысы, А.Е. Наурызбаева - «Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысының м.а.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1 ) Петропавл қаласының білім беру ұйымдарының 2025-2026 оқу жылына дайындығы туралы. Тапсырмалар. Перспективалар.
2) Қала тұрғындарымен құқық бұзушылықтардың, лудоманияның және алаяқтықтың профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы. Жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру.