Отырысқа: Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы - А.С. Бердағұлов, депутаттар: Ю.Г. Бацанов, Б.Т. Қожахметов, А.Х. Саутов, П.В. Афанасьев, «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы - Қ.М. Макина, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының екінші басқармасының аға прокуроры - А.Е. Құсайынова, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ басшысы - О.Л. Абдрахманова, «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы - Д.Е. Асылбеков, «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының орынбасары - С.А. Исенов қатысты.
Прокуратура органдары жүргізетін заңдылықтың сақталуын тексеру мәселесі, сондай-ақ ардагер ұйымдардың әлеуметтік төлемдер туралы өтініші қарастырылды.