Петропавл қалалық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 19 қыркүйекте М.Ж. Ысқақовтың төрағалығымен отырыс өтті.
Отырысқа: А.С. Бердағұлов - Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы, депутаттар: Б.Т. Қожахметов, Т.С. Жұманов, Қ.М. Макина - «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, Қ.Б. Төренова- Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, М.Т. Ерханов - «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы, А.Е. Мәкенов - «Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Р.Ж. Мұхамадиев - «Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ басшысының м.а. және әкімдіктің басқа қызметкерлері, А.К. Қаниев - «Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Қ.А. Темешев - «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысының орынбасары м.а., Л.Н. Ермолаева - СҚО Кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің сарапшысы, СҚО сауда кеңесінің үйлестірушісі және хатшысы, Т.Г. Данильченко - «РИСК» кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылады:
1. 2025 жылғы 1 жартыжылдықта Петропавл қаласының жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қарастыру.
Баяндамашы: М.Т. Ерханов - «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы.
2. «Солтүстік Қазақстан облысында бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары жөніндегі аудиторлық қорытындыдан үзінді көшірмені қарастыру.
Баяндамашы: А.Е. Мәкенов - «Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары.
3. «СҚ ЭТК» АҚ коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу мәселесі.
Баяндамашы: А.Е. Мәкенов - «Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары.
4. Кәсіпкерлер үшін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес салық салудың оңайлатылған режимін (салық ставкасы) енгізу туралы мәселе. Үйдегі азық-түлік дүкендері үшін 2026 жылға арналған жеңілдетілген декларацияның арнайы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету туралы.
Баяндамашылар: А.К. Қаниев - «Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
М.Т. Ерханов- «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы;
Р.Ж. Мұхамадиев - «Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ басшысының м.а.
5. Петропавл қаласында алынып қойылатын жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің орнына пәтерлер беруге және ақшалай өтемақы төлеуге арналған шарттарды қарастыру.
Баяндамашы: Д.Н. Қалелов - «Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ құқықтық жұмыс секторының меңгерушісі.
Қарастырылған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.