Петропавл қалалық мәслихатының залында 2025 жылғы 18 шілдеде сағат 11-00 күн тәртібінің келесі мәселелерімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 25 сессиясы өтеді:
- «Петропавл қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 4/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- «Петропавл қаласы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.