2025 жылғы 12 маусымда сағат 14.30-да жазғы балалар сауықтыру лагерьлеріне шығу, сағат 16.00-де Петропавл қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар дел мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Л. С. Қайыржанованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Шақырылғандар: Қ.М. Макина – «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, Д.Б. Рақышева – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ басшысы, С.А. Исенов – «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Л.Б. Любовицкая - «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ қосымша білім беру әдіскері, Ю.Ю. Евсеева– «Достық» балалар сауықтыру лагерінің директоры, Е.Ю. Мироедова - «Березка» балалар сауықтыру лагерінің директоры.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1 ) 2025 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған жазғы сауықтыру компаниясын ұйымдастыру туралы (объектілерге барып көшпелі отырыс).
2) Ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және сапасын жақсарту.