
3-4 сәуірде Астанада Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Басты тақырып - мәслихаттардың мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі рөлі.
Отырысқа барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, оның ішінде Железинка аудандық мәслихатының төрағасы Темірболат Мұхаметқалиұлы Дәулетов қатысты.
Қатысушылар мәслихаттардың тарихи жолын, ағымдағы міндеттері мен даму перспективаларын, сондай-ақ атқарушы билікпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.