
2025 жылғы 31 Наурызда "Сенат Опен 2025" ашық кубогының 2-ші іріктеу кезеңі өтті. Железин ауданының құрамына Мұқанов Бекболат Аманжолұлы, Жаманбалинов Нариман Нұриденұлы, Жаманбалинова Рашиля Тілеулесқызы, Сағындықов Мұрат Арыстанұлы, Тоғайбаев Рамаш Қадырұлы кірді. Железин ауданының командасы жалпы командалық есепте 3 орын алды. Сондай-ақ Мұрат Арыстанұлы Сағындықов "Депутаттар/әкімдіктердің, мәслихаттардың, Сенаттың және Парламенттің қызметкерлері" санатында 1-орынды, Бекболат Аманжолұлы Мұқанов пен Нариман Нұриденұлы Жаманбалинов "Қоғам қайраткері" санатында 2 және 3-орынды, Рашиля Тілеулесқызы Жаманбалинова "Әйелдер арасында" санатында 3-орынды иеленді.