
29 қарашада сегізінші сайланған Железин аудандық мәслихатының он бірінші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Р.К. Усина, аудан дербес бөлімдерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, а/о әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Т.М. Дәулетов жүргізді.
Шешімдердің барлық жобалары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала қаралып, талқыланды, тұрақты комиссияның жұмысын депутат М.Р. Махметов жүргізді.
Железин аудандық мәслихатының сессиясында депутаттар ауылдық округ әкімдерінің 2023-2025 жылдарға арналған IV деңгейдегі бюджетке өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын бекітті. Сондай-ақ депутаттар Железин ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Б. Кималиденовты аудан әкімдігі жанындағы комиссиялар құрамына енгізілген өзгерістер туралы тыңдады. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Р.К. Усина қатысты.
Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.
Сессия соңында Темірболат Мұхаметқалиұлы барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Сессия онлайн форматта Facebook және Ютуб желілерінде трансляциямен көрсетілді, жазба мына сілтемелер бойынша қолжетімді:
https://youtu.be/S099j2itlIs?si=xDzNdvZbh5p22dzH, https://www.facebook.com/watch/?v=6348312061962283