16 қарашада сегізінші сайланған Железин аудандық мәслихатының оныншы кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына ауданның дербес бөлімдерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Т.М. Дәулетов жүргізді.
Шешімдердің барлық жобалары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала қаралып, талқыланды, тұрақты комиссиялардың жұмысын аудандық мәслихаттың депутаты В.И. Неупокоев жүргізді.
Сессияда экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.А. Ағыбаев 2023-2025 жылдарға арналған Железин аудандық бюджетіне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.В. Муллер қатысушыларды Железин ауданы бойынша шетелдіктерге арналған туристік жарна мөлшерлемелерімен таныстырды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.И. Ибрагимов депутаттардың қарауына "Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның өлшемдерін белгілеу және Железин ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімнің жобасын шығарды және т.б.
Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.
Сессия соңында Темірболат Мұхаметқалиұлы барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Сессия онлайн форматта Facebook және Ютуб желілерінде трансляциямен көрсетілді, жазба мына сілтемелер бойынша қолжетімді:
https://youtu.be/S099j2itlIs?si=xDzNdvZbh5p22dzH, https://www.facebook.com/watch/?v=6348312061962283