Құрметті железиндіктер!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
25 қазан — еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл - ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан - Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.
Осы мерекелі күнде Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!