21 қыркүйекте сегізінші сайланған Железин аудандық мәслихатының сегізінші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына ауданның дербес бөлімдерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Т.М. Дәулетов жүргізді.
Шешімдердің барлық жобалары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала қаралып, талқыланды, тұрақты комиссиялардың жұмысын депутат М.Р. Махметов жүргізді.
Сессияда аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Т.Б. Байманов аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамына енгізілген өзгерістер туралы баяндады, сондай-ақ мәслихат аппаратының бас маманы Б.Ю. Апсаликова депутаттар мен қатысушыларды ауданның учаскелік сайлау комиссияларына енгізілген өзгерістермен таныстырды, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ж. Асаинов Железин ауданы Озерный ауылдық округі мен Озерное ауылының атауын өзгерту туралы хабардар етті.
Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.
Сессия соңында Темірболат Мұхаметқалиұлы барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Сессия онлайн форматта Facebook және Ютуб желілерінде трансляциямен көрсетілді, жазба мына сілтемелер бойынша қолжетімді:
https://www.facebook.com/watch/?v=6348312061962283, https://youtu.be/S099j2itlIs?si=xDzNdvZbh5p22dzH