ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Железин ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 және 39-3-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Железин аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Даулетов
Железин аудандық мәслихатының
2023 жылғы « »________
№____ шешіміне
1-қосымша
Железин ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарына тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Железин аудандық мәслихатының
2023 жылғы « »________
№____ шешіміне
2 –қосымша
Железин аудандық мәслихатының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 225-5/30 «Железин ауданы Ақтау ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4191 болып тіркелген);
2.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 226-5/30 «Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4190 болып тіркелген);
3.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 227-5/30 «Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4182 болып тіркелген);
4.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 228-5/30 «Железин ауданы Веселорощин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4192 болып тіркелген);
5.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 229-5/30 «Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 болып тіркелген);
6.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 230-5/30 «Железин ауданы Железин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»шешімі(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4183 болып тіркелген);
7.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 231-5/30 «Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4180 болып тіркелген);
8.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 232-5/30 «Железин ауданы Лесной ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4188 болып тіркелген);
9.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 233-5/30 «Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4187 болып тіркелген);
10.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 234-5/30 «Железин ауданы Новомир ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4189 болып тіркелген);
11.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 235-5/30 «Железин ауданы Озерный ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»шешімі(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4186 болып тіркелген);
12.Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 236-5/30 «Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4185 болып тіркелген).