ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Железин ауданы қоғамдық кеңесі мүшелерінің бос лауазымына байланысты қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығының 3-тармағы негізінде Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсты қосымша жариялайды. Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру қажет (нысан қоса беріледі).

Өтініштер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.            Ұсыныстарды жұмыс күндері 2023 жылғы «17» мамырдан бастап 2023 жылғы «30» мамырға дейін, m.azhr@pavlodar.gov.kz электрондық поштасы немесе 140400, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19 мекенжайы бойынша жіберуді сұраймыз. Анықтама телефоны: 87183122467.

 

              Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

      2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

      3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

  1. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

      1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

      3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

  1. Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қосымша талаптар көзделуі мүмкін.

 

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
1-қосымша

 

Нысан

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

       Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы ___________