VIIІ САЙЛАНҒАН ІIІ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕСССИЯ

VIIІ САЙЛАНҒАН ІIІ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕСССИЯ

Бүгін сегізінші сайланған Железин аудандық мәслихатының үшінші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі А.А. Шайхимов, Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М. А. Үйсінбаев, ауданның дербес бөлімдерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Т. М. Дәулетов жүргізді.

Барлық шешім жобалары алдын ала қаралып, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында талқыланды.

Депутаттар Железин ауданының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы жергілікті атқарушы органның ұсыныстарын бекітті, ауданның қаржы бөлімі басшысының 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебін, Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы қорытындысын тыңдады, сондай-ақ комиссиялардың кейбір құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Үйсінбаев өз сөзінде тексеру комиссиясының аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне негізделген жергілікті бюджеттің атқарылуының негізгі проблемаларын атап,  бюджетті одан әрі тиімді жоспарлау және атқару бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікір алмасып, ұсыныстар енгізді.

Сессия соңында аудандық мәслихат төрағасы барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Сессия онлайн форматта facebook желісінде трансляциямен көрсетілді, жазба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://fb.watch/ktNr4sJGX0/?mibextid=Nif5oz