VIIІ САЙЛАНҒАН ІI КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕСССИЯ

VIIІ САЙЛАНҒАН ІI КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕСССИЯ

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сегізінші сайланған Железин аудандық мәслихатының екінші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі А.А. Шайхимов, аудан әкімінің орынбасарлары Р.Қ. Усина, Р.Е. Көкішев, аудан прокуроры А. Р. Шөкеев, дербес бөлімдердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Т.М. Дәулетов жүргізді.

Сессияға шығарылған барлық мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала қаралып, талқыланды.

Депутаттар жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша Железин ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетіне, аудан әкімдігінің құрамына өзгерістер енгізіп, 2023 жылға арналған жастар саясаты бойынша іс-шаралар жоспарын, Железин аудандық мәслихатының «Аманат» партиясы депутаттық фракциясының құрамын, сараптамалық кеңестің құрамын бекітті, комиссиялардың кейбір құрамдарына және күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.

Сессия онлайн форматта facebook желісінде трансляциямен көрсетілді, жазба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.facebook.com/watch/?v=709870317551430