VII сайланған XХХІІ кезектен тыс сессия

VII сайланған XХХІІ кезектен тыс сессия

Бүгін VII сайланған Железин аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясында Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес депутаттар Железин аудандық мәслихатының төрағасы лауазымның атауы бөлігінде мәслихат регламентіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ депутаттар Железин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық комиссиялардың мүшелерін сайлау туралы және аудандық аумақтық сайлау және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Сессия Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта өтті. Қабылданған шешімдермен мына сілтеме арқылы https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-zhelezinka/about?lang=ru ресми сайттан танысуға болады.