Железин аудандық мәслихатының 53-кезектен тыс сессиясы

Железин аудандық мәслихатының 53-кезектен тыс сессиясы

2026 жылғы 10 тамызда сағат 10.30-да Железин ауданы әкімдігінің кіші залында 8-сайланған Железин аудандық мәслихатының 53-кезектен тыс сессиясы өтеді.

Сессияға Железин ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры,  ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері шақырылады.

Сессияның қарауына: 

Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер енгізіледі.