49-кезектен тыс сессия өтті

49-кезектен тыс сессия өтті

2026 жылғы 20 мамырда VIII сайланған Железин аудандық мәслихатының кезектен тыс 49-сессиясы өтті.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жастар саясатын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
  3. Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы «Железин ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» № 98/8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 107/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5.Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру туралы.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.