Железин ауданы тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Железин аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Павлодар облысы, Железин ауданы, Есқара ауылында антенна-мачталық құрылғыны салу» жұмыс жобасын жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Баяндамашы: Забира Калыковна Усембаева – «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы.
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 13 мамыр сағат 10:00-де.
Өтетін орны: Железинка а., М. Әуезов к-сі, 19, мәжіліс залы.
Байланыс телефоны: 2-12-84