Железин аудандық мәслихатының 46-кезекті сессиясы

Железин аудандық мәслихатының 46-кезекті сессиясы

2026 жылғы 27 ақпанда сағат 12.00-де Железин ауданы әкімдігінің кіші залында 8-сайланған Железин аудандық мәслихатының 46 кезекті сессиясы өтеді.

Сессияға Железин ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры,  ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері шақырылады.

Сессияның қарауына:  

  1. Аудан әкімінің «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылдағы қорытындылары туралы және 2026 жылға арналған міндеттері туралы» есебі.
  2. Аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмысы туралы есебі.
  3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» № 80/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Железин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 225/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадагы № 63/8 «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және басқа да мәселелер енгізіледі.