2025 жылғы 30 желтоқсанда сағат 12.00-де Железин ауданы әкімдігінің кіші залында 8-сайланған Железин аудандық мәслихатының 45-кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияға Железин ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері шақырылады.
Сессияның қарауына:
- Железин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған даму жоспары туралы.
- 2026 жылы Железин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеужәне тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы және басқа да мәселелер енгізіледі.