38-кезектен тыс сессия өтті

38-кезектен тыс сессия өтті

2025 жылғы 23 қазанда Железин аудандық мәслихатының VIII сайланған кезектен тыс 38-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

  1. Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 153/8 «2025-2027 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Павлодар облысы Железин ауданының елді мекендерінде жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
  3. Железин ауданы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  4. Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органды бекіту туралы» № 436/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 қаңтардағы «Железин ауданы әкімдігінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» № 162/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.