Қаржылық сауаттылықты арттыру — заманауи қауіп-қатерлерден қорғаныс

Қаржылық сауаттылықты арттыру — заманауи қауіп-қатерлерден қорғаныс

2025 жылғы 25 қыркүйекте Железин ауданына жұмыс сапарымен Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі - Шахманов Азат Ертарғынұлы келді. Кездесудің басты мақсаты — халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.

Соңғы кездері азаматтарды алдап, ақшалай қаражаттарын немесе жеке деректерін ұрлауға бағытталған алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Алаяқтар түрлі схемаларды қолданады, олар:

- телефон арқылы қоңыраулар мен жалған SMS хабарламалар,

- банктер мен мемлекеттік органдардың жалған сайттары,

- «оңай табыс» пен «жылдам төлемдер» уәдесі.

Азат Ертарғынұлы мыналарға ерекше назар аударды:

Дропперлік - үшінші тұлғаларға беру мақсатында өз атына банк карталарын рәсімдеу. Адам қылмыстық мақсаттар туралы білмеген күннің өзінде, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қаржылық пирамидалар - бастапқы салым енгізіп, жаңа қатысушыларды тарту арқылы жоғары табыс уәде етілетін схемалар. Нәтижесінде - салынған қаражаттан айырылу.

Қауіпсіздік бойынша негізгі кеңестер:

карта мен құжаттарыңыздың деректерін бейтаныс адамдарға ешқашан бермеңіз;

біреудің өтініші бойынша шот ашпаңыз;

кез келген ақпаратты ресми көздер арқылы тексеріңіз;

«Жылдам табыс» ұсынатын хабарламаларға сенбеңіз

Азат Ертарғынұлы бүгінде сергек болудың және алған біліммен жақындармен бөлісудің аса маңызды екенін атап өтті.