2025 жылғы 19 мамырда VIII сайланған Железин аудандық мәслихатының 33 кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі А.А. Шайхимов, Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш. Тастембеков, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Депутаттар ауданның қаржы бөлімі басшысының 2024 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебін, Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы қорытындысын, 2024 жылғы ауылдық округтер бюджетінің IV деңгейінің атқарылуы туралы есептерін тыңдады, Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы, Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадагы № 63/8 «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, сондай-ақ комиссиялардың кейбір құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Сессия соңында аудандық мәслихат төрағасы барлық қатысушыларға белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.