С праздником Наурыз!!!

С праздником Наурыз!!!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, бауырмалдық пен достыққа тәрбиелейтін ізгі мереке.

Ұлыстың ұлы күні елімізге ырыс-береке, молшылық ала келсін. Халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, татулық, әр шаңыраққа  құт-береке тілеймін. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолында абыройлы істеріңізге табыс тілеймін! Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Әз-Наурыз құтты болсын!