Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМА

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы  ХАБАРЛАМА

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМА

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкес Павлодар облысының Тереңкөл аудандық мәслихаты  округтік және аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды:

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 2 ақпаннан бастап 2026 жылдың 13 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжат көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы тиісті мәслихатқа жіберілген белгіленген нысандағы өтініш.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында  орналастырылған.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындау күні, тегі, инициалдары және оның телефон нөмірі көрсетілуімен орындаушы туралы белгі қамтылуы керек.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 13 ақпанға дейін дүйсенбі – жұма  күндері сағат 09:00-ден сағат 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Тереңкөл аудандық мәслихаты:

Тереңкөл аудандық мәслихат төрағасы: Габидулин Рафик Мұхаматғалиұлы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172.

Жауапты тұлға – Нұрмақова Сәния Мұратқызы, каб. № 102, қалааралық телефонкоды (871833), қызметтік телефон нөмірі 21329, ұялы телефон 87774590047, факс нөмірі 21302, электрондық мекенжай: m.akr@pavlodar.gov.kz.

 Тереңкөл аудандық мәслихаты

 Тереңкөл аудандық мәслихаты шығып қалған орнына округтік, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін

 

р/с №

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

Тереңкөл ауданының округтік сайлау комиссиясы

1

№ 3

Тереңкөл ауылы,  Тәуелсіздік көш 115,  № 3 орта мектебі

1

2

№ 5

Тереңкөл ауылы,  Тәуелсіздік көш 243,  АБЖСМ ғимараты

1

Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

1

№ 290

Карасук ауылы,  Луговая көш 7,  Мәдениет үйінің ғимараты

1

2

№  292

Тереңкөл ауылы,  Тәуелсіздік көш 115,  № 3 орта мектебі

1

3

№ 297

Осьмерыжск ауылы,  Школьная көш 2,  № 3 жалпы мектеп ғимараты

1

4

№ 299

Жанабет ауылы,  Кооперативная көш 48,  Мәдениет үйінің ғимараты

1

5

№ 304

Калиновка ауылы,  Жеңіс көш 52,  Мәдениет Үйі ғимараты

1