Қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес: тағзым мен құрмет

Қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес: тағзым мен құрмет

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Павлодар қаласының мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері тарихи ескерткіштерге тағзым етті.

Малайсары батыр, Даңқ обелискісі, Баян батыр және өзге де тарихи ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, ерлікке толы өткенге құрмет көрсетілді. Бұл қасиетті орындар — халқымыздың ерлікке толы шежіресі, елге, жерге деген махаббаттың көрінісі.

Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарға үлгі болары сөзсіз. Еліміздің жарқын болашағы — осы ұлы мұраны қадірлеуде.