Павлодар қалалық мәслихатының кезекті XXVII сессиясы өтті.
⠀
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқыланған мәселелер бойынша шешімдер қаралып, қабылданды.
⠀
Павлодар қалалық мәслихатының "2025-2027 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізілді.
⠀
Нақтылаудың негізгі себептері: жоғары тұрған бюджеттен бұрын бөлінген нысаналы трансферттер бойынша бюджетті 376,7 млн.теңгені азайту сомасына түзету; бюджеттің кіріс бөлігін 1 827,0 млн. теңге сомасында ұлғайту, сондай-ақ қалыптасқан үнемдеу мен жүргізілген оңтайландыруды қайта бөлу болып табылады.
⠀
Сондай-ақ, "2024 жылға арналған бюджеттің төртінші деңгейінің орындалуы және 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы" мәселе қаралды.
⠀
Қаланың елді мекендерінің әкімдері сөз сөйлеп, ақпараттарымен бөлісті.
⠀
"Павлодар қаласында және ауылдық аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы туралы" және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы шешім қабылданды.
⠀
Сондай-ақ, "Көлік инфрақұрылымы" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде халықты тасымалдауды ұйымдастыру және қоғамдық көліктің жұмысы туралы мәселелер қаралды. 2025 жылы "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікті, тегін жол жүру түріндегі әлеуметтік қолдау" бағдарламасы бойынша 1,09 млрд.теңге бөлінді, оның 509,4 млн. оқушыларға облыстық бюджеттен бөлінді.
2025 жылы сыйымдылығы жоғары кемінде 35 автобус және сыйымдылығы орташа 10 автобус сатып алу жоспарлануда.
⠀
"Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Павлодар қалалық шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне: әлеуметтік көмектің мөлшері - 50 АЕК; 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күніне: әлеуметтік көмектің мөлшері-50 АЕК; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге орай әлеуметтік көмектің мөлшері 5 000 000 теңгені құрайды.
Төлемдер туралы толығырақ ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады.
⠀
Сондай-ақ әкімдіктің консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.