Павлодар қалалық мәслихатында ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
⠀Депутаттар күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселелерді талқылады.
⠀Атап айтқанда, «Қаңғыбас иттер бойынша қаладағы жағдай туралы». 2025 жылдың басынан бастап үй жануарларын уақытша ұстау пунктіне 90 бас қаңғыбас ит ұсталып, тапсырылды. Қала тұрғындарының өміріне, денсаулығына және тыныс-тіршілігіне төніп тұрғаны қауіп туралы өтініштеріне сәйкес 405 қаңғыбас ит өлтірілді.
⠀Сондай-ақ, «Көлік инфрақұрылымы» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде халықты тасымалдауды ұйымдастыру және қоғамдық көліктің жұмысы туралы мәселелер талқыланды. 2025 жылы «Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікті, тегін жол жүру түріндегі әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша 1,09 млрд.теңге бөлінді, оның 509,4 млн. теңгесі облыстық бюджеттен оқушыларға бөлінді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында сыйымдылығы жоғары 1 класты 20 бірлік автобус сатып алынды. 2025 жылы сыйымдылығы жоғары кемінде 35 автобус және сыйымдылығы орташа 10 автобус сатып алу жоспарлануда.
⠀Қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға келетін болсақ, 2025 жылы 50 балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін учаскелер анықталды, 8 футбол алаңын, 13 көше тренажерлерін орнату жоспарланған. Сондай-ақ, 17 шағын алаңға жөндеу жұмыстары, қала көшелерінде қосымша жарықтандыру және қала көшелерінің бойындағы жасыл желектерді қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
⠀Депутаттар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларды қалалық мәслихаттың таяудағы сессиясының қарауына шығарды.