«Таза Қазақстан» республикалық акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы

Қалалық мәслихат депутаттары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілікке қатысып, саябақ пен гүлзарларды күл-қоқыстан тазартуға және аумақтарды абаттандыруға үлес қосты.

⠀«Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қалалар мен ауылдардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында бүкіл ел бойынша өткізіледі.

⠀Биыл сенбілікке тек билік өкілдері ғана емес, белсенділер, оқушылар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар да қатысты.