Прокуратура және жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыс

Прокуратура және жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыс

Павлодар қалалық мәслихатында прокуратура және жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыс өтті, отырыс барысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

⠀Кездесудің басты назары кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді шараларды әзірлеуге аударылды.

⠀Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесуді, кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты әкімшілік және қылмыстық теріс қылықтар фактілерін анықтауды және жасөспірімдерді құқыққа қарсы әрекеттерге тартуды болдырмауды қоса алғанда, көптеген мәселелерді талқылады.

⠀Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар билік пен білім беру органдарынан бастап құқық қорғау органдары мен ата — аналар жұртшылығына дейінгі барлық мүдделі құрылымдардың үйлестірілген жұмысының маңыздылығын атап өтті.