Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы

Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы

     3-4 сәуірде Астанада Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтуде.

⠀ Басты тақырып – мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі.

⠀ Бұл маңызды отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәслихат өкілдері, оның ішінде Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин қатысты.

⠀Отырысқа қатысушылар мәслихаттардың тарихи жолын, ағымдағы міндеттері мен даму перспективаларын, сондай-ақ атқарушы билікпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жергілікті жерлерде мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар отырыстың қорытындысы болып табылады.