2025 жылы Павлодар қаласында абаттандыру және көгалдандыру бағытында келесідей жұмыстар

2025 жылы  Павлодар қаласында абаттандыру және көгалдандыру бағытында келесідей жұмыстар

2025 жылы облыс әкімінің қолдауымен Павлодар қаласында абаттандыру және көгалдандыру бағытында келесідей жұмыстар атқарылады.

Абаттандыру бағытында ауқымды жобалар бар. Атап айтсақ:

- Лермонтов көшесін реновациялау;
- Орталық Жағалауды күрделі жөндеуден өткізу.

17 шағын-саябақ абаттандырылады.

Бұдан бөлек, «Центральный» бағы және«Айналайын» саябағындағы субұрқақтар ағымдық жөндеуден өткізіледі.

Аулаларда да ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

50 балалар ойын алаңы;
10 шағын-футбол алаңы;
15 жаттығу алаңы орнатылады.

Бұдан бөлек:
107 аула:
13 білім беру;
3 медициналық мекеменің аулалары жөнделеді.

Жол инфрақұрылымы саласында:

15 көшеге асфальт төселеді;
жеке сектордағы 22 көше ағымдық жөндеуден өткізіледі;
13 аумақта жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді;
8 жол қиылысына бағдаршам орнатылады;
автодром күрделі жөндеуден өткізіледі.

Көгалдандыру бағытында:
20 000 ағаш отырғызылады;
35 000 түп гүл егіледі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы облыс орталығының одан әрі дамуын қамтамасыз ету және өңір тұрғындарына жайлы жағдай жасау үшін барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы және уақытылы жүргізу міндетін қойды.

Павлодар – тұрғындар үшін жайлы қала!
Қаламызды бірге көркейтейік!