Көпшілік тыңдау хаттамасы

Көпшілік тыңдау хаттамасы

Павлодар қаласының Усолка, Розы Люксембург, Молодежная, 29-я Ноября, Набережная, Теплова, Сибирская, Чапаева, Молодогвардейцев, Заслонова, Комсомольская, Ермака, Ладожская, Байкальская, Орловская, Тульская, Алданская, Кирпичная, Кошевого, Волочаевская, Камская, Челябинская, Расковой, Осипенко көшелерін қайта атау мәселесі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері бойынша азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларда көпшілік тыңдау хаттамасы

Павлодар қаласы 3 тамыз 2023 жыл, уақыты: сағат 15.00

Өткен орны: «Колос» балалар мәдени ойын-сауық орталығы КМҚК,

Астана көшесі, 156

Павлодар қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері, жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары қала тұрғындарының, облыс пен қаланың қоғамдық бірлестіктері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің ұсыныстарын қарау бойынша көпшілік тыңдау.

Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының қарауына Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 1034/2 «Павлодар қаласының көшелерін қайта атау жөніндегі материалдарды Павлодар қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысы келіп түсті.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпарат Павлодар қаласы әкімдігінің сайтында, қалалық мәслихаттың сайтында және ағымдағы жылдың   4 шілдесіндегі «Сарыарқа Самалы», «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінде жариялау арқылы Павлодар қаласының тұрғындарына жеткізілді.

Көпшілік тыңдаудың төрағасы - Әметов Қазбек Қасымұлы, № 10 сайлау округінен Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жария тыңдауларына қала тұрғындары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Құрметті азаматтар, депутаттар, атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дауыс беруге азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың мүшелері болып табылатын қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Көпшілік тыңдауға 148 адам тіркеліп, қатысты.

Күн тәртібі

  1. Усолка, Розы Люксембург, Молодежная, 29-я Ноября, Набережная, Теплова, Сибирская, Чапаева, Молодогвардейцев, Заслонова, Комсомольская, Ермака, Ладожская, Байкальская, Орловская, Тульская, Алданская, Кирпичная, Кошевого, Волочаевская, Камская, Челябинская, Расковой, Осипенко көшелерінің атауын өзгерту.

Комиссия отырысының төрағасы - Әметов Қазбек Қасымұлы күн тәртібімен және жұмыс регламентімен таныстырды.

Көпшілік тыңдауларға қатысушылардың сөздері тыңдалды.

Сөз сөйлегендер: Гладышева Светлана Анатольевна – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;

Абраев Бақберді Балтабайұлы - ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Лунин Константин Васильевич - ақын;

Байғалы Шолпан Байғалықызы - Павлодар облысының Құрметті азаматы, ақын;

Сқақов Боранбай Қайырбекұлы - ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі.

Жарыссөзде 15 адам - Павлодар қаласының тұрғындары сөз сөйледі.

Гладышева Светлана Анатольевна:

Құрметті, жиналыс төрағасы! Құрметті, көпшілік тыңдауларға қатысушылар!

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы"1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 27 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес біз Павлодар қаласында ономастикалық жұмыстарды жалғастырамыз.

Жеке және заңды тұлғалардан Павлодар облысы әкімінің және Павлодар қаласы әкімінің атына келіп түскен өтініштер мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қаралды. Содан кейін барлық қажетті құжаттар қалалық мәслихатқа жолданды, атап айтқанда, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеевтен көшелердің біріне Шоң би есімін беру жөнінде; Павлодар қаласының құрметті азаматы Махмет Демесиновтан Хиуаз Доспанова, Әміре Қашаубаевтың есімдерін қала көшелеріне беру жөнінде өтініші; қала көшелерінің біріне Бөгенбай батыр есімін беру жөніндегі кеңестің зиялы қауым тобы мен еңбек ардагері С.Әмірхановтың өтініші; Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Есдәулетовтің Рамазан Тоқтаров есімін беру жөніндегі өтініші; Павлодар облысының құрметті тұрғыны, ақын Шолпан Байғалының қаланың кейбір көшелеріне Ләззат Серғазина, Иманжүсіп Құтпанұлының есімін беру жөніндегі өтініші; С. Нұрмағамбетова халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының басшыны Қали Қамбаров пен Павлодар қаласы тұрғындарының қала көшелерінің біріне Сұлтан Бейбарыстың есімін беру туралы 25 адам қол қойған ұжымдық өтініші; Майра Шамсутдинова атындағы мұрайжай үйінің меңгерушісі Ерлан Рахимовтың Жұмабек Тәшенов, Рүстембек Омаров, Ғабит Мүсірепов, Герольд Бельгер, Фариза Оңғарсынова, Қабанбай батыр, Шәкен Ниязбеков, Шот-Аман Уәлиханов және Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың есімдерін қала көшелеріне беру туралы өтініші; қаласының тұрғыны Рысқұловтың Борис Исаевтың есімін беру туралы өтініші; Бибиннің жұбайының қала көшелерінің біріне Александр Бибиннің есімін беру туралы өтініші; ІІМ ҚАЖ Комитеті білім беру орталығы басшысының міндетін атқарушы Қалиевтің, Ішкі істер департаментінің басшысы Склярдың, ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Абраевтың қала көшелерінің біріне генерал Дүйсенбаевтың есімін беру туралы өтініші.

Бұл ұсыныстарды біз орынды деп санаймыз, өйткені көшелердің идеологиялық ескірген атауларын қайта атау халық жадында қазақ мемлекетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан даңқты тарихи тұлғалардың, мемлекет қайраткерлерінің есімдерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Облыс орталығында тарихи ескірген атауларды қайта атау – уақыт талабы деп санаймыз. Сонымен қатар, бұл қала тұрғындарына, олардың арасында әртүрлі ұлттар мен этностардың өкілдері бар, қазақ халқының тарихи қайраткерлерін жақынырақ білуге және қоғамдағы өзара келісімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Тарихи тұлғалар мен көрнекті қайраткерлердің есімдері берілетін көшелер біздің облыс орталығымыздың көркіне айналатынына сенімдімін.

Құрметті комиссия мүшелері, құрметті депутаттар, келіп түскен ұсыныстарға сәйкес қаланың 24 көшесінің атауын өзгертуді қолдауыңызды сұраймыз.

Слайдтарда барлық 24 көше және ұсынылған атаулар ұсынылған: Усолка-Борис Исаевқа, Роза Люксембург-Бөгенбай батырға, Молодежная-Сержан Қанапияновқа, 29-я ноября-Тұранға, Набережная-Шоң биге, Теплова-Рақымжан Қошқарбаевқа, Сибирская-Сұлтан Бейбарысқа, Чапаева-Хиуаз Доспановға, Молодогвардейцев-Рамазан Тоқтаровқа, Заслонова - Шәмші Қалдаяқовқа, Комсомольская-Генерал Дүйсенбаевқа, Ермак - Иманжүсіп Құтпанұлына, Ладожская-Қабанбай батырға, Байкальская- Әміре Қашаубаевқа, Орловкая-  Фариза Оңғарсыновқа, Тульская-Ләзиза Серғазинаға, Алданская-Шәкен Ниязбековке, Кирпичная-Шот-Аман Уәлихановқа, Кошевого-Ғабит Мүсіреповке, Волочаевская-Рүстембек Омаровқа, Камская-Жұмабек Тәшеновке, Челябинская-Герольд Бельгерге, Расковой-Қабдыл-Ғалым Қаржасовқа, Осипенко-Александр Бибинге.

Егер сұрақтар туындаса, мен жауап беруге дайынмын.

      Аманбаев Б. С., журналист: Светлана Анатольевна, кімге қандай көше беру керектігін қалай анықтадыңыз? Мәселен, өткен жылы Бөгенбай батыр Теплов көшесінің атын өзгертуі керек еді, биыл Сіз Рахымжан Қошқарбаевты қойдыңыз. Бөгенбай батырдың барлық қазақ әскерлердің сардары болғанын білесіздер. Р. Люксембург көшесінде қанша үй бар екенін білесіз бе? Кімнің көше екенін қалай анықтайсыз? Мысалы, Набережнаяға-Шоң би бересіз. Иә, мен Шон бидің еңбегін білемін, бірақ Бөгенбай батыр барлық қазақ әскерлердің Бас қолбасшысы болды. Неліктен Роза Люксембург көшесіне Бөгенбай батырдың есімін бермекесіздер?

      Гладышева С. А.: Әр көше бойынша бізге өтініштер келіп түсті, көпшілігі кімнің құрметіне қою керектігі туралы өтініштер бар немесе бізде РОК (Республикалық ономастика комиссиясы) шешімі бар. Мысалы, Бөгенбай батыр көшесінде, 2021 жылы біз сіздермен қоғамдық тыңдаулар өткізіп, Бөгенбай батыр атындағы Теплов көшесін беру туралы ұсынысты бекіттік. Соған қарамастан, РОК шешімі бойынша Р.Люксембург көшесіне Бөгенбай батыр атауы берілсін деген шешім шықты.

      Аманбаев Б. С., журналист: егер РОК шешімі болса, бұл мәселені талқылау қандай қажеттілік?

      Гладышева С. А.: олар бізге қайта қарау туралы ұсыныс берді. Бізде бірнеше көшелер бар, оларды бүгін біз шешімімен қарастырамызда РОК-қа қайта жолдаймыз.

      Демесинов М., Павлодар қаласының Құрметті азаматы: мен қолдаймын және алғысымды білдіремін. Бірақ бұл жерде Бөгенбай батырдың орнына Қабанбай батыр болуы керек деп айтқым келеді. Екінші мәселе-біздің жерлесімізге қатысты, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Әбілғазин Хамза, Ленинград блокадасы, Курск доғасы, А. Невский орденімен, екі рет Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды. Мен сондай-ақ Үкімет мүшелерінің бірі Хатип Демесиновты ұсындым, Жоғарғы Кеңестің хатшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының президенті болған академик Бекжанов болды. Неліктен бұл есімдер бүгін естілмеді?

      Гладышева С. А.: Қабанбай батыр бойынша бізде ұсыныс бар-бұл Ладожская көшесі, жаңа салынып жатқан Достық шағын ауданынан басталады, қазір осы шағынауданды абаттандыру, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан Ладожская көшесіне Қабанбай батыр есімін беру туралы ұсыныс түсті. Қалған үш есімге сәйкес, біз Сізбен сөйлестік. Бүгінгі таңда олар республикалық ономастика комиссиясының арнайы тізімінде жоқ, бірақ алдағы уақытта лайықты павлодарлықтарды, қазақстандықтарды жаңа есімдері бойынша ұсыныстар жиналады деп күтеміз және осы үш фамилияны біз міндетті түрде енгіземіз және болашақта көшелерді иемдену үшін қарастыратын боламыз. Бүгінгі таңда Павлодар қаласындағы қолданыстағы көшелердің шамамен 30% - ы Қазақстандықтардың есімдерін алып жүретінін тағы да атап өткім келеді-бұл тарихи әділеттілік және жаңа атаулармен қалпына келтірілуде, сондықтан бізде одан әрі жұмыс жүргізуге мүмкіндік бар.

      Қала тұрғыны: Сұлтан Бейбарыс-ол Египетті басқарды, бүкіл әлемге танымал адам. Неліктен оған өте кішкентай Сібір көшесі беріледі. Ол орталық көшеге лайық.

      Гладышева С. А.: Сибирская көшесі өзінің ұзындығы бойынша қаладағы ең үлкен көшелердің бірі, 1 км.490 метр. Павлодар қаласындағы көшелердің орташа ұзындығы 850-880 метрді құрайды. Қалада ұзындығы 1 км-ден асатын 12 көше бар, оның ішінде Сибирская көшесі де кіреді.

      Абраев Бақберді Балтабайұлы: Біздің сұрайтымыз Баянауыл тумасы, жерлесіміз, барлық саналы ғұмырын ел тыныштығына арнаған қызметін абыроймен атқарған, қадыр қасиетін арттырған, ары таза, асыл азамат, ішкі істер Министрліктің Еңбек сіңірген қызметі, милиция генерал-майорлар Ойрат Рахметұлы Дүйсенбаевтың атымен облыс орталығы Павлодар қаласының бір көшесін атауды сұраймыз. Бұл азамат 1992-1998 жылдары облыстық ішкі істер басқармасының бастығы болды. Бұл нағыз қоғамдағы экономикалық тұрақсыздық орнаған елімнің өтпелі қиын кезеңі еді. Бірақ оның еңбекқорлығымен 1993 жылы облыстық ішкі істер баскармасы республика бойынша бірінші орынға шықты.

      Лунин Константин Васильевич:

Ол өзі жазған поэмадан үзінді оқыды. 2018 жылы Рейхстагқа алғаш ту тіккен, Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовты еске алу туралы баллада жаздым. Сондықтан қолдаймын.

Байғалы Шолпан Байғалықызы: Бүгін ерекше тарихи күні. Біздің Павлодар қаласы көшелердің теқ қана 30% -ғана біз өзіміздің ұлылардың есімдерімен атап келген екенміз. Ол енді болашақтын ісі.  Біздің Ертістің қаншама батыр қыздар шықты.  Мынау бүгінгі көшелерге ұсынып отырған  қыздардың ішінде Хиуаз есімі бар екен.

Павлодарда алтыншы мектепте мұғалім жұмысын бастап, Алматыға кетіп, журналист факультетін бітіріп, алғашқы қазақтардан шыққан  журналист Ләзиза Серғазина, Алғабас ауылының тумасы. Бір көшесін сол кісіге беріп ұсынылған болатынмын. Сондай ақ көшелердің біріне  Иманжүсіптің  есімін беруді ұсынамын. Сіздер қарсы болмайсыздар, депутаттар қолдайды деп ойлаймын.

      Сқақов Боранбай Қайырбекұлы: Бүгінгі іс шараның мақсаты біздің өңіріміздің айтулы азаматтарының есімдерінің тарихи ісі орын алатындай етіп шегелеп бекіту болмақ

      Олай болса біз ұлтына қарамай, жасына қарамай кімнің еңбегі асқан, кімнің ісі елге сіңірген жақсылығы мол болса, солардың аттарымен көше атау керек дей ойлаймын.

      Егер Борис Васильевич Исаевтың кандидатурасы осы позициялардан бағаланса, онда менің ойымша, бұл кандидатура даусыз. Ол 1975-1981 жылдары Павлодар облысының басшысы болды. Аға буын оның өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін, Павлодар облысы үшін жасаған барлық үлесін жақсы біледі. Осы тұлғаның арқасында біздің Павлодар өзінің лайықты өнеркәсіптік тұлғасына ие болды және бүгінгі таңда біздің өңірдің өркендеуі үшін негіз болып табылатын әлеуметтік-экономикалық дамуда позицияларға ие.

Әметов Қазбек Қасымұлы:

Енді біз жарыссөзге кірісе аламыз, қарастырылып отырған мәселелер бойынша ұсыныстар жасағысы келетіндер өз пікірлерін айта алады, залда екі микрофон жұмыс істейді. Қоғамдық тыңдаулардың әрбір қатысушысы бір сөз сөйлеуге құқылы. Барлық қатысушылардан регламентті сақтауды сұраймын.

Ажмұратов Қадыр, зейнеткер: Біздің Ертіс-Баянауылдың жерлері белгісі адамдарға бай. Солардың ішкі Мерғалым ұлы болды. Ақсақалды көп адамдардар білді, оның шипалы қолы талай адамды емдеді. Павлодарда бір көшеге оның атын беруді көтеріп келеміз. Халық қолдайды деп ойлаймын.

Рахимов Ерлан: Менің ұсынысым - Тәуелсіздік көшесінің аты қайтадан қайтару. Соны қарасытырыңыздар. Екіншіден - көшенің атауын берген кезде сауаттылық керек сияқты менің ойымша. Қарау керек, мынау адам кім. Болашақты осындай көшелердің атауын атағанда, белгілі журналисттермен, тарихшылармен ақылдасу керек, сонда дұрыс нәрсе болады ойлаймын.

Әмірханов Совет: Қалада болсын, облыста болсын ономастика мәселелері жөнінде ешқандай жұмыс жасалмай жатыр. Біздің қалада 335 көшелері бар, олардың ішінен біз тек 40% өзгерттік. Ономастика комиссиясына жұмыс істеуге керек, заң қабылдау керек.

Паруов Жұматай, зейнеткер: Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау жұмысын қолдаймын. Бұл атауы өзгерту жалғастырсын. Қала депутаттарына рақмет.

Шоранов О. А., ҚР Суретшілер одағының облыстық филиалының төрағасы: Жана тізімнің ішінде Қазақстан туының, елтанбасының авторлары Шәкен Ниязбековпен Шота-Аман Уалиханов ағаларымыздың болу өте дұрыс.

Сондықтан біздің жергерліктер, суретшілер Александр Бибин және Кабдыл-Галым Қаржасов бар. Бұл өте қуанышты. Біздің жерлестеріміз, тамаша суретшілер облыс пен Қазақстанның өнеріне зор үлес қосты. Қолдауды сұраймын.

Роза Зейнолдақызы, қала тұрғыны: Ономастика бөлімі үлкен жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі саяси мәні мен кұндылығын жоғалтқан көшелер жаңа атаулар ие  жатқан өте қуаныштымыз. Әрі қарай да елімізге таңымал тұлғалар келешекте тағы да көше атауларына ие болады деп айта аламын.

Шевчук Кристина, мұғалім: Павлодар қаласының қазақ халқының жазушылардың, отан қорғаушылардың, ақындардың аттарымен көшелерді атауға келісемін, бұл өте керемет. Біздің болашақ балаларымыз білеп жүруі тиіс.

Стручалина Алена, география пәнінің мұғалімі: өлкетану және география саясатын, киелі география, Рухани жаңғыру сияқты бағыттарды қолдауға алғысымды білдіргім келеді, өйткені көшелердің атын өзгерту, мектептерге есім беру халықтың ғана емес, өскелең ұрпақтың да білімі мен білім деңгейін арттырады. Бізде осындай саясат бар екенін мақтан тұтамын.

Ибрагимова С. С., педагог: біздің көшелерімізді атын алып жүретін адамдардың атақты есімдері үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Мен тіпті кейбір адамдармен өмірімде кездестім, олардың жұмысын, біздің қалаға қосқан үлкен үлесін көрдім.

Жұлдыз Мейрамбекқызы: Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау қарсы емеспін, қолдаймын. Павлодарда 20 жылдан астам тұрамын, қарсы емеспін.

Гросс Инга: Ұлтым неміс болғаны мен, қазақ тілі- ана тілім. Тілді білген адам - ұлттын жан дүниесін түсінеді. Тұрған жері, тұрған көшесін атау әр бір адамға мәңізді, ерекше, қымбат. Келісеміз.

Щетинин С. В., мұғалім: мен бастаманы қолдаймын, сіздер қазір дұрыс жұмыс істеп жатырсыз. Біздің тарихи тұлғаларымыз, кейіпкерлеріміз көшеде мәңгі қалатындығын, олар лайықты екенін атап өткім келеді. Бұл біздің Отанымыздың нағыз патриоттарын тәрбиелейтін жұмыс.

Әметов Қазбек Қасымұлы:

Құрметті қатысушылар, Біз барлық қатысушыларды тыңдадық. Жарыссөзді тоқтатып, дауыс беруге көшуді ұсынамын, оған азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың мүшелері болып табылатын қалалық мәслихат депутаттары ғана қатысады.

Халықтың пікірін ескере отырып, қала жұртшылығының көшелерді қайта атау туралы ұсыныстарын дауыс беруге қоямын:

Усолка-Борис Исаевқа, Роза Люксембург-Бөгенбай батырға, Молодежная-Сержан Қанапияновқа, 29-я ноября-Тұранға, Набережная-Шоң биге, Теплова-Рақымжан Қошқарбаевқа, Сибирская-Сұлтан Бейбарысқа, Чапаева-Хиуаз Доспановаға, Молодогвардейцев-Рамазан Тоқтаровқа, Заслонова - Шәмші Қалдаяқовқа, Комсомольская-Генерал Дүйсенбаевқа, Ермак - Иманжүсіп Құтпанұлына, Ладожская-Қабанбай батырға, Байкальская- Әміре Қашаубаевқа, Орловкая-  Фариза Оңғарсыноваға, Тульская-Ләзиза Серғазинаға, Алданская-Шәкен Ниязбековке, Кирпичная-Шот-Аман Уәлихановқа, Кошевого-Ғабит Мүсіреповке, Волочаевская-Рүстембек Омаровқа, Камская-Жұмабек Тәшеновке, Челябинская-Герольд Бельгерге, Расковой-Қабдыл-Ғалым Қаржасовқа, Осипенко-Александр Бибинге.

Құрметті комиссия мүшелері, дауыс беруге кірісеміз.

Кім «ҚОЛДАЙДЫ?

«ҚАРСЫ»?

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»?

Құрметті қатысушылар! Дауыс беруге 7 депутаттар, яғни екі тұрақты комиссияның мүшелері қатысты.

 «Бірауыздан»! - 7 депутаттар дауыс берді.

Өткізілген жария тыңдаулардың хаттамасы 7 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Павлодар қаласы әкімдігінің және қалалық мәслихаттың ресми сайттарында орналастырылады.

Қалалық мәслихат пен Павлодар қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі қалалық мәслихаттың таяудағы сессиясында қабылданады және материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болады.

 

Азаматтардың құқықтарын және

заңды мүдделерін қамтамасыз ету

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы                                                          Қ. Әметов