VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының І сессиясы

VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының І сессиясы

Бірінші сессияда VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды. Бірауыздан шешіммен Кожин Қобланбек Нұрмұханұлы сайланды.

 

Сондай-ақ, VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, олардың құрамы және комиссиялардың төрағаларын сайлау туралы мәселелер қаралды.

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны А.А.Хабылкеков, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комисияны С.О.Жүсіпова, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны  Е.И.Яровенко, жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып М.А.Желнов, ал азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Қ.Қ.Әметов басқарады.