VII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының ХХІХ кезектен тыс сессиясы

VII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының  ХХІХ кезектен тыс сессиясы

Бүгін, 16 қаңтарда VII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының  ХХІХ кезектен тыс сессиясы өтті.

 

Депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқыланған бірқатар мәселелерді қарады. Олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

 «Павлодар қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» мәселесі қарастырылды.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағы және Павлодар қалалық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде 24 қалалық округтік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылды.

 

Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау туралы Конституциялық заңның нормасымен анықталады.

 

"Павлодар қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» және «Павлодар қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» тиісті өзгерістер учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің шығуына байланысты енгізілді.

 

Сондай-ақ, депутаттар «Павлодар қалалық мәслихатының Регламенті туралы»  және қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдады.