Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қобыланбек Кожин «Павлодар қаласының тұрғын үй бөлімі» ММ басшысы Кенжегүл Жолжақсинованың қатысуымен «AMANAT» партиясы Павлодар қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау аясында павлодарлықтар тұрғын үй қатынастары саласына қатысты сұрақтармен жүгінді.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініштер қаралып, азаматтарға түсініктемелер берілді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Кезекте тұрғандардың бірыңғай базасында есепте тұрған павлодарлықтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй және «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бағыттары бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан әлеуметтік-кредиттік бағдарламалар туралы ақпарат жеткізілді.