Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының баспа нұсқаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі

Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының баспа нұсқаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі

Павлодар қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының баспа нұсқаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

⠀Бұл іс-шараға мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелері және жастар қозғалыстарының көшбасшылары қатысты.

⠀Рәсімнің негізгі мақсаты – еліміздің Ата Заңын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және конституциялық реформа аясында қалыптасқан Жаңа Қазақстанның құндылықтарын нығайту.