Павлодар қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
⠀2025 жылға арналған бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қала бюджетінің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынылды. Жыл бойы бюджет 6 рет нақтыланып, 14 рет түзетулер енгізілді. Нәтижесінде ол бекітілген жоспардан 29 069,9 млн теңгеге артық, яғни 275 844,9 млн теңгені құрады.
⠀Сондай-ақ, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалып, оның ішінде халыққа әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қамтылды.
⠀Сонымен қатар, мектеп оқушыларының жазғы демалысын және бос уақытын жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселесі жеке қарастырылды. 1–10 сынып оқушыларының шамамен 49 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарлануда. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға ерекше көңіл бөлінуде: жергілікті бюджет есебінен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (100%), сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балалар жолдамалармен қамтамасыз етіледі. Жазғы науқан аясында 14–16 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, сондай-ақ мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу көзделген.
⠀Қоғамдық кеңес мүшелері отырысты қорытындылай келе, қабылданған шешімдердің орындалуын одан әрі бақылаудың және қала тұрғындарының мүддесі үшін өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.