
Қазақстан Республикасында 15 наурыз күні өткен жалпыұлттық референдумда қабылданған халықтық Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Бүгін Инновациялық Еуразия университетінде студенттермен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияның негізгі нормалары мен ел дамуы жолындағы саяси реформалардың маңызы түсіндірілді.