Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары сенбілікке шықты

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары  сенбілікке шықты

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы аясында Шарбақты көпірі ауданында сенбілікке шықты.

⠀Жұмыла жұмыс істеу арқылы аумақ қоқыстан арылтылып, санитарлық талаптарға сай ретке келтірілді.

⠀Мұндай іс-шаралар тек жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар маңызды қоғамдық бастамалар айналасында павлодарлықтарды біріктіреді.