
Павлодар қалалық мәслихатының XLI кезектен тыс сессиясы болып өтті.
⠀Мәжіліс отырысы барысында депутаттар әлеуметтік қолдау көрсету ережелерін жаңартуды, соның ішінде оны тағайындау тәртібін, төлем мөлшерін және көмекке құқылы азаматтар санатын нақтылауды талқылады.
⠀Ұсынылған түзетулер жүйені оңтайландыруға бағытталған: мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларымен қайталанатындықтан, біржолғы төлемдердің бір бөлігін алып тастау ұсынылады.
⠀Сонымен қатар, депутаттар тұрғын үй жәрдемін беру тәртібіндегі өзгерістерге айрықша тоқталды.
⠀Сондай-ақ, жаңа редакцияда алушының барлық коммуналдық қызметтерге жұмсаған жиынтық шығындарын ескере отырып, төлемдерді есептеу көзделген.
⠀Бұл ретте электр энергиясы, сумен жабдықтау, су бұру, жылыту және басқа да қызметтерге арналған шығындардың бірыңғай нормативтері белгіленеді, бұл есептеу жүйесін түсінікті әрі ашық етуге тиіс.
⠀Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
⠀