Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Павлодар қалалық мәслихатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
⠀Депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді қарап, талқылады. Атап айтқанда, бұл Павлодар қаласы мен оның ауылдық аймақтарындағы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау мен оны жүзеге асыру мәселелері қаралды.
⠀Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Инженерлік жұмыстар жоспары» және «Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспары» аясында жүргізілуде. Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында 43 су өткізу құбырына тазарту және қысқы кезеңге жабу жұмыстары 100% орындалды. 2025 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспарына үш іс-шара енгізілген болатын, және бүгінгі таңда олардың барлығы толығымен іске асырылды.
⠀Сондай-ақ, отырыста қалалық қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, көлік қызметтеріне жеңілдіктер белгілеу мәселесі талқыланды.
⠀Депутаттар «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы үшін мемлекет мұқтажына жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты оларды сатып алу туралы шарттар жобаларын келісуге ерекше назар аударды. Осыған байланысты «Строитель» бау-бақша серіктестігі тұтыну кооперативінің аумағында орналасқан бес жер учаскесін алып қою рәсімі басталды.
⠀Барлық мәселелер қалалық мәслихаттың таяудағы сессиясының қарауына шығарылды.