Жалпыұлттық коалиция мүшелері ЖЭО-3 ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық коалиция мүшелері  ЖЭО-3 ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық коалиция мүшелері алдағы референдумның өзекті мәселелері мен жаңа Конституциядағы өзгерістерді талқылау үшін ЖЭО-3 ұжымымен кездесті.

⠀Кездесуде кәсіпорын қызметкерлеріне негізгі түзетулердің мәні, олардың ел үшін маңыздылығы және азаматтардың референдумдағы шешім қабылдау процесіндегі белсенді рөлі туралы толық түсініктеме берілді.

⠀Ашық диалогқа айрықша мән берілді: қатысушылардың әрқайсысы сұрақ қойып, коалиция өкілдерінен жан-жақты жауаптар алды.

⠀Мұндай ашық кездесу қызметкерлерге реформалардың мәнін тереңірек түсінуге және мемлекет өміріндегі маңызды оқиғаларға өздерінің қатысы бар екенін сезінуге көмектесті.