
Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Қазэнергокабель» АҚ қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістерді жан-жақты талқылады. Кездесуде азаматтардың құқықтарын нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті дамытуға, қоғамның шешім қабылдаудағы рөлін арттыруға бағытталған негізгі бастамалар туралы айтылды.
⠀Еңбек құқықтарын қорғауды күшейтетін, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін және азаматтардың ел басқаруға белсене атсалысуына мүмкіндік жасайтын нормаларға ерекше назар аударылды.
⠀Сондай-ақ адами капиталды дамыту, жас мамандарды қолдау және инновациялар мен экономикалық өсім үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.
⠀Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері белсенді түрде сұрақтарын қойып, Конституциядағы өзгерістер олардың өмірі мен жұмысына қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы өз пікірлерімен бөлісті.
⠀Диалог ресми емес, әсерлі әрі нәтижелі өтті, адамдардың толғандыратын мәселелері ашық талқыланды.
⠀