
Жалпыұлттық коалиция мүшелері өңірдегі іргелі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті.
⠀Кездесу қатысушыларына жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер туралы жан-жақты мәлімет беріліп, әлеуметтік әділдікті нығайтуға, адами капиталды дамытуға және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормалар түсіндірілді.
⠀Кәсіпорын қызметкерлері еңбек құқықтарының кепілдіктерінен бастап шешім қабылдаудағы азаматтық қоғамның рөліне дейін өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Диалог форматы әрбір тақырыпты формальдылықсыз талқылауға мүмкіндік берді.
⠀Мұндай кездесулердің кабинеттерде емес, күн сайын ел экономикасы құрылатын өндіріс орындарында өткені маңызды.
⠀Ашық диалог пен адамдардың белсенділігі - мықты әрі тұрақты мемлекеттің негізі.