Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру жұмыстары аясында Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесу

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру жұмыстары аясында Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесу

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының төрағасы Қобланбек Кожин мен коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру жұмыстары аясында Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесті.

⠀Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтетін алдағы республикалық референдум, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізуге ұсынылатын түйінді өзгерістер жайында жан-жақты талқыланды.

⠀Азаматтардың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге, өкілді органдардың рөлін күшейтуге және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.

⠀Ауыл тұрғындары талқыланған бастамаларға қызығушылық білдіріп, түзетулердің іс жүзіндегі маңызы мен елдің құқықтық жүйесінің болашақ дамуына тигізетін ықпалы жайлы сұрақтар қойды.