Қаланың ауылдық аймағының көктемгі су тасқыны қауіпті кезеңге дайындығына мониторинг

Қаланың ауылдық аймағының көктемгі су тасқыны қауіпті кезеңге дайындығына мониторинг

Павлодар қаласында көктемгі су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық жоспарлы режимде жалғасуда.

⠀Қаланың ауылдық аймағының дайындығына мониторинг жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары ТЖБ-мен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп елді мекендерге барып қайтты.

⠀Бұл ретте, олар гидротехникалық құрылыстар мен су бұру арналарының жай-күйін тексеріп, сонымен қатар жауапты қызметтермен су тасқыны кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін талқылады.

⠀Бүгінгі таңда өңірде 153 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылып, салынды, 36 су өткізу құрылыстары орнатылып және жөндеуден өтті.

⠀Жұмыс жүйелі және кезең-кезеңмен жүргізілуде.

Мамандар ықтимал тәуекелдерді азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гидрологиялық жағдайды күнделікті бақылайды.

⠀Басты міндет - көктемгі кезеңді төтенше жағдайларсыз өту және елді мекендердегі тұрақты жағдайды сақтау.